Меню KDT

logo.png?_=1704964924


"Саумалкөл қазақ орта мектебі"  КММ

  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    Рухани жаңғыру

    Саумалкөл қазақ орта мектебінде жалпы республикалық «Рухани жаңғыру» атты республикалық акцияға белсене қатысты

     

     

    Мектебіміздің «Жұлдыз» патриоттық тобы Робочая көшесінде 49 үйде тұратын Сыздыков Мурат Канашевич және Сыздыкова Бекзада Рашидовнаның үйіне барып көмір жинауға көмектесті

    «Тимуршылар» тобы Ементаева көшесінде тұратын Мейрам атай үйіне барып көмектесті.

    Мектебіміздің қарт ұстазы Сулейменова Г.Қ. үйіне барып отын жинастырып, ауласын тазартуға «Жас натуралистер» тобы көмек көрсетті.

    Конституция көшесінде тұратын Бадымова Г.Қ. үйіне барып«Тимуршылар» тобы көмек көрсетті.

    20.09.17 күні 7 сыныптар арасында «Білім» бағыты бойынша викториналық сабақ өтті.

        

     

    Саумалкөл қазақ орта мектебінің 30.10.17інен-03.11.17-і аралығындағы күзгі демалыстың жұмыс жоспары

    Өткізілетін іс-шара

    Мерзімі

    Жауапты, сынып

    Тапсыру түрі

    1

    Мәдени,тарихи жерлерге, бару және ұйымдастыру( музеи,көрме, кітапхана)

    30.10.-03.11

    Сынып жетекшілер

    1-11

    Ақпарат, фото

    2

    «Ата-ананың жұмысында бір күн» жобасы

    30.10.-03.11

    Сынып жетекшілер

    1-11

    Фото, видео,презентация

    3

    «Мектепке тағзым» мектеп сайтынан бет парақтарын ашу

    30.10.-03.11

    Мукашева А.Б.

    Мектепке тағзым

    4

    «Өз туған ауылың» тақырыбында материалдар жинау

    30.10.-03.11

    Мукашева А.Б.

    Сынып жетекшілер

    2-11

    Презентация, папка

    5

    Аудан көлемінде танымал адамдардың өмірбаяны бойынша буклеттер шығару.

    30.10.-03.11

    Сынып жеткшілер

    1-11

    Буклеттер, презентация

    6

    Үздік аяқтаған мектеп түлектері бойынша мәліметтер жинау

    30.10.-03.11

    Сынып жеткшілер

    5-11

    Фото, презентация, материалдар

    7

    Мектепішілік «Мен- Чемпион»балалар спорттық ойыны

    5 «А», 5 «Б»,6 «А»,

    6 «Б»

    30.10.17

    Дене шынықтыру пәні мұғалімдері

    Жоспар,фото, видео

    8

    Мектепішілік «Мен- Чемпион» балалар спорттық ойыны

    7 «А», 7«Б»,8

    31.11.17

     

    Дене шынықтыру пәні мұғалімдері

    Жоспар,фото, видео

    9

    Мектепішілік «Мен- Чемпион»балалар спорттық ойыны

    9 «А»,9 «Б»,10 «А»,10 «Б»

    02.11.17

    Дене шынықтыру пәні мұғалімдері

    Жоспар,фото, видео

    10

    Аудан көлемінде өткізілетін спорттық жарыстарға қатысу

    5-11

    Дене шынықтыру пәні мұғалімдері

    Ақпарат,фото

     

    *Іс-шаралардың өтілу кезінде қауіпсіздік ережелері қатаң сақталсын!


     

    Елбасының " Болашаққа бағдар- рухани жаңғыру" мақаласында айтылған "Туған жер"бағдарламасы негізінде маусым айының 15-і күні мектебімізде "Туған ел берерім көп менің саған..."тақырыбында облыстық деңгейдегі дөңгелек үстел отырысы өтті.Бұл дөңгелек үстел отырысына Петропавл қаласындағы "Әл -Фараби" мектеп лецейінен,аудан орталығындағы мектептерден делегациялар қатысты. Жұмысымызға негізі мұрындық болған да, осы Петропавл қаласынан шаққан этнографиялық экспедиция болды.Олар осы "Туған жер"бағдарламасы және "100 жаңа есім" жобасы негізінде Солтүстік Қазақстан облысының аудандарына саяхатқа шығыпты.Негізгі мақсаттары туған өлкемізді зеріттеп оның ерекшеліктерін.танымал адамдарын зерттеп тану."Туған жер -әркімнің шыр етіп жерге түскен,бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені ,талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі.Оны қайда жүрседе жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды.Туған жерге,оның мәдениетімен салт-дәстүріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу- шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі" деп Елбасымыз атап айтқандай,әр азамат өз туған жерін жете білгені абзал.Біздің Айыртау өңірі де тарих пен шежіреге қойны толған,табиғаты талайды тамсандырған ,ақындармен серілер әнге қосқан киелі өңір.
    Оқушыларымыз бен ұстаздарымыз келген қонақтарға біздің ауданымыз жайлы жан-жақты материалдар дайындап,өңірімізді толық танысытырып өтуге тырысты.
    2015-2016оқу жылында 10сынып оқушысы Баймуканова Әсем Астана қаласында өткен "Әлемді өзгертер идеялар" тақырыбанда республикалық семинарға қатысып келген болатын,отырысты ол Елбасының "100 нақты қадамына" шолу жасаумен бастады.Имашев Алмаз біздің Айыртау өңіріне жалпы тоқталып өтсе,Арапов Алтынбек өңіріміздің танымал тұлғаларын өз сөзіне тиек етті.Қонақтар назарына Ақан сері жайлы түсірілген деректі фильм ұсынылып,артынан осы фильмде басты рөлді сомдаған тарих пәнінің мұғалімі Марат Уразгалиевич өз ойымен бөлісті.Тарихымызда Ұлы Отан соғысының алатын орны орасан.Бұл соғыста біздің жерлестерімізде аянбай қан төгіп,ерлік көрсетті.Осы жайлы тарих пәнінің мұғалімі
    Дана Елеусизовна толық тоқталса,осы жайлы өз ойын Жангожин Ыбрай өлең жолдары мен өрбітті.Қазіргі таңда туризм саласы дамып жатқандығы баршамызға аян.Біздің ауданымызда жыл сайын жаңа нысандар салынып,дем алушылардың саны жылдан-жылға көбейуде туризм жайлы 9сынып оқушысы Рымбаева Диана баяндап берді."Болашақ білімді жастардың қолында"деп Елбасымыз атап айтқандай біз әрдайым өзгеріске,білімге ұмтылуамыз қажет,білімді көзі ашық ,көкірегі ояу болуға ұмтылу-біздің қанымызда бар қасиет екені даусыз.Осы жайлы өз ойымен билғы жылғы түлегіміз Жунусова Дарина бөлісті.Дөңгелек үстелді жүргізіп отырған қазақ тілімен әдебиет пәнінің мұғалімі Сая Алкенқызы өзінің "Шоқантану"элективті курсымен таныстырып,осындай курстарда оқушыларға көп мәлімет беруге болатынын айтып,өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Отырыс соңында Әл-Фараби мектебінің директоры Күлімкөз Қайырбек қызы өз жүрекжарды лебізін білдіріп,біздің мектебіміздің директоры Меңдігүл Олжабайқызына естелік ретінде кітаптар сыйға тартты.Отырыс соңы әдемі концерттік бағдарламаға ұласты.

     

    Фото Мендигуль Олжабаевой.
     

     Абай әлеміне саяхат


    2017 жылы 31 қазан күні Сайын Назарбековтың бастамасымен "Абай әлеміне саяхат" республикалық танымдық клубының Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде бөлімі ашылуына орай "Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп..." тақырыбында қазақтың ұлы ақыны А.Құнанбаевтың шығармашылығын дәріптейтін әдеби - сазды кеш өткізілді. Сол кеште біздің мектеп оқушымыз Абдельманова Камила қатысып, Алғыс хат және сыйлықтармен марапатталды

    Фото Мендигуль Олжабаевой.                     Фото Мендигуль Олжабаевой.

    Послание
    Президента

    Олжабаева Мендигуль Олжабайкызы

    Полезные ссылки