Меню KDT

logo.png?_=1704964924


"Саумалкөл қазақ орта мектебі"  КММ

  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    Біздің жетістіктеріміз





    Аудандық "Жастары жарқын елдің -ертеңі жарқын!" атты көркемөнерпаздар байқауында Саумалкөл қазақ орта мектебінің ұжымы Бас жүлдеге ие болды.
     2019 жыл


    Айыртау ауданында Қарасай-Ағынтай батырлар құрметіне өткен Республикалық күрес сайысына Саумалкөл қазақ орта мектебінің оқушылары қатысып,жүлделі орындарға ие болды. Жеңістерің құтты болсын!!!



    04.03-07.03 аралығында Павлодар облысында өткен күрес жарысынан Саумалкөл қазақ орта
    мектебінің 9-сынып оқушысы Сейілбек Қасымхан және 1-сынып оқушысы Ерхожа Ерхан III- орынға ие болды.



    Петропавл қаласында өткен "Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерімен жұмыс
    жөніндегі облыстық дене шынықтыру спорт орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    ұйымдастырған 2005-2006 жасөспірімдер арасында өткен бокстан облыс чемпионатында
    Саумалкөл қазақ орта мектебінің 6- сынып оқушысы Ынтымақ Ғалымбек I дәрежелі
    дипломға ие болды.Жеңісің құтты болсын!!



    Саумалкөл қазақ орта мектебінің бастауыш сынып оқушылары ПОНИ халықаралық сайыстарға қатысып,жеңімпаз атанды.

     

    14-16 желтоқсан аралығында Ақмола облысының Макинск қаласында өткен еркін күрестен жасөспірімдер арасында республикалық ашық турнирында Саумалкөл қазақ орта мектебінің оқушылары Архат Жандос, Сейтқали Диас,Нұрлан Мансұр еліміздің Астана, Қарағанды,Қостанай,Көкшетау,Степногор қалаларынан және Қырғыстан Республикасының мықты деген жас балуандармен бақ сынасты. Осы жарыста Мансұр Нұрлан II жүлделі орынға ие болса, Архат Жандос III дәрежелі орынға ие болды. Жас спортшыларымыздың жетістігі құтты болсын



        
         

         
      
        
         
      
      
     
     
     
     
     
     
     

                                    
     

    Послание
    Президента

    Олжабаева Мендигуль Олжабайкызы

    Полезные ссылки