Меню KDT

logo.png?_=1704964924


"Саумалкөл қазақ орта мектебі"  КММ

  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    Хабарлар

    Жалпы білім беретін оқу орындары оқушылары арасында өткізілетін аудандық "Абай және Мағжан оқулары" республикалық ғылыми-шығармашылық байқауы өтті.

    Жалпы білім беретін оқу орындары оқушылары арасында өткізілетін аудандық "Абай және Мағжан оқулары" республикалық ғылыми-шығармашылық байқауы өтті. Жалпы білім беретін оқу орындары оқушылары арасында өткізілетін аудандық "Абай және Мағжан оқулары" республикалық ғылыми-шығармашылық байқауы өтті.

    Жалпы білім беретін оқу орындары оқушылары арасында өткізілетін аудандық "Абай және Мағжан оқулары" республикалық ғылыми-шығармашылық байқауы өтті.
    Аталған байқауда Мағжан өлеңдерін жатқа оқуда: "Өлең-менің Шолпаным, Айым, Күнім" номинациясы бойынша 8-сынып оқитын оқушымыз Қуандық Наргиз 1 -орынды жеңіп алды. Жетекшісі Бекпасова Динар Қуанышевна.
    "Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған" номинациясында Абай өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқуда 9-сынып оқушысы Көзтай Айым топ жарып 1-орын алды. Айымның жетекшісі: Руслан Султанұлы Дукетбаев.
    "Жасынан оқу оқып өнер қуған..." номинациясы бойынша қатысқан 11- сынып оқушысы Қажыман Айымжан Сағатқызы 1-орынға ие болды. Жетекшісі: Сая Алкенқызы Кажикенова.
    Сая Алкенқызының жетекшілігімен "Өлең-сөздің патшасы"номинацисында 9-сынып оқышысы Келден Мирас 2-орынға ие болды.
    Ақнұр Елубайқызы Ашербекованың жетекшілігімен Абай қарасөздерін оқуда 5-сыныптың оқушысы Қайыркен Томирис жүлделі 2- орын алса, "Ұлылар әлемі" номинациясында 10-сынып оқушысы Сейілбек Дильназ жүлделі 3-орын алды.
    "Көңілім әнді ұғады" номинациясында 6- сынып оқушысы Жұмабай Іңкәр 2-орын алды. Жетекшісі: Рустемов Наурызбай Талгатбекович.
    Байқаудың бас жүлдесін жеңіп алған жеңімпаздарымыз облыстық кезеңде де биіктен көрінерлеріне сенеміз. "Сөз патшасын" серік еткен жеңімпаздарымызға әрдайым жеңіс тілеп, жетекшілеріне алғыс білдіреміз.
    03.05.2023
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Олжабаева Мендигуль Олжабайкызы

    Полезные ссылки