Меню KDT

logo.png?_=1704964924

"Саумалкөл қазақ орта мектебі"  КММ

  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    Хабарлар

    Өнерлі жігіт өрге озар

    Өнерлі жігіт өрге озар
    Алаштың ардақтысы Сұлтанмахмұт Торайғыров «Бір халықтың әні кетсе, әдебиеті жесір қалады. Сәні кетеді, сәні кетсе, жаны кетеді. ...әнді сақтаудың қамын қылыңдар» дегені астарлы сөзі бар. Тұғыры биік тұлғалар шыққан Айыртау – ежелден ән мен жырдың өлкесі саналады. Бұған бір ­Ақан серіні айғақ етсек те жеткілікті. Одан бері де қаншама күміс көмей, жезтаңдай әншілер мен күйшілер де ауданның атын әлемге асқақтатып, қазақтың дәстүрлі өнерін дәріптеп келеді.
    Қазақтың мың әнін жинақтап, нотаға түсірген А.Затаевич өзінің төрт жылдық еңбегінде «Менің алдымнан күтпеген жерден ашылған ғажайып қазынаның жанынан елемей өтіп кету мүмкін бе еді? Мәдениет әлеміне олар әлі күнге дейін мүлде беймәлім еді, сонымен қатар бұл мәдениет иелеріне қырылып бітудің апаты қолын соза бастаған кез еді! Сондықтан әлі де болса бүлінбей бүтін тұрғанда, жазып алуды жылдамдату керек болған еді!» деп жазған екен.
    Расында, ән – адам жанын әлдилейтін тылсым күш. Оның ішінде кең тынысты қазақ әндерінің орны бөлек. Саумалкөл қазақ орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Марат Кенжеболатов та дәстүрлі ән айтудың шебері. Өзіне ғана тән қоңыр үнімен тыңдарманның жүрегіне жол таба білетін жігітке әншілік өнер анасының ақ сүтімен берілген десек қателеспеспіз. Анасы марқұм Мәйкен Бірханқызы өте бір тамаша әнші еді (Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын! Жаны жәннатта, тәні рахатта болғай! Әмин!).
    Әңгімемізге арқау болып отырған әнші жігіт Марат Оразғалиұлы 1969 жылы 12 сәуірде Сарыбұлақ ауылында дүниеге келген. Бала күнінен ән салғанды ұнататын. Мектепте өтетін түрлі шараларда халық әндерін орындап, мұғалімдерінің ыстық ықыласына бөленіп жүретін. Шоққарағай сегізжылдық мектебін бітірген соң, арман қуған бозбала 1984 жылы Көкшетау қаласындағы Біржан сал атындағы музыкалық училищенің домбыра бөліміне оқуға түсіп, 1988 жылы аталмыш білім ордасын домбыра аспабының көркемдік жетекшісі мамандығын игеріп шығады. Музыка учелищесін бітірген жас маман Отан алдындағы әскери міндетін де абыроймен атқарып, 1991 жылы алғашқы еңбек жолын Сырымбет ауылындағы мәдениет үйінің домбыра жетекшісі болып бастайды. Алғашқы күннен көзге түскен талантты жас өрен сол жылы аудандық мәдениет үйіне домбыра ансамблінің көркемдік жетекшісі болып ауыстырылады. Аудандық мәдениет үйінде қызмет істей жүре ауданның талантты жас жеткіншектерінің басын қосып, домбыра үйірмесін ашады. Қызметімен қатар әншілік өнерді серік еткен Мәкең аудандық көркемөнерпаздар байқауында жерлес ақындардың әндерін сахна төрінде шырқай бастайды.
    1993 жылы жерлес сазгер Ақан сері бабамыздың 150 жылдық мерейтойы республика деңгейінде ауданымызда өткенде үш елдің (Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан) Президенттерінің алдында Ақан серінің «Балқадиша» әнін жырлаған да Марат Кенжеболатов еді.
    2000 жылдары ауданымыздағы Шапырашты Қарасай мен Арғын Ағынтай батырлардың мемориалдық кешеніне келген Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевты Марат Оразғалиұлы арнау өлеңімен қарсы алған еді.
    1996 жылы Саумалкөл қазақ орта мектебіне музыка пәнінің мұғалімі болып қызмет істей жүре, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын тарих пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша сырттай бітіріп шығады.
    Міне, содан беру іргелі білім ордасында тарих пәнінен оқушыларға сабақ беруде. Мектепте жұмыс істеп жүре, Марат Оразғалиұлы қара домбырасын тастаған емес.
    2000 жылдары мектепте «Саумалкөл толқындары» атты фольклорлық ансамблін құруға да Мәкең мұрындық болған еді. Ансамбльге қазақтың ұлттық аспаптарында ойнай алатын талантты ұстаздарды іріктеп, аудан көлемінде алғаш өнерлерін көрсете бастады. Жылдар өте келе, «Саумалкөл толқындары» ансамблі көпшілікке танылып, талай көркемөнерпаздар байқауларына қатынасып жүлделі орындарды да иеленіп келеді. Республикалық деңгейде өткен С.Мұқановтың және Ғ.Мүсіреповтың 100 жылдық мерейтойларында осы ансамбліміз талай рет тұғыры биік тұлғалар шыққан Айыртау елінің намысын қолдан бермеп еді.
    Енді, міне, жақында ғана 20 жылдық тарихы бар «Саумалкөл толқындары» фольклорлық ансамблі «Халықтық» атаққа ұсынылып, қазылар алқасының алдында шығармашылық концертін де берген екен. Ендігі кезекте ансамбль жетекшісі Марат Кенжеболатов пен ансамбль мүшелері Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің шешімін күтуде.
    Менің ойымша, 20 жылдай сахна төрінде қазақтың халық әндері мен дәстүрлі ақын-сазгерлердің әндерін паш еткен «Саумалкөл толқындары» «Халықтық» атаққа лайық деп бағамды берер едім. Өйткені 20 жыл бұрын құрылған ансамбльге жетекшіліп етіп келе жатқан табиғатынан дарынды Мараттай әншінің еңбегінің зор екенін барша айыртаулықтар жақсы біледі.
    Бүгінде мектепте мұғалім болып қызмет ететін Марат Оразғалиұлы – бірнеше байқаудың жеңімпазы, аудан сахнасында талай рет ән шырқап жүрген өнер иесі. Оған халықтың да қошеметі бөлек. Расында, ол әрбір ән салған сәтінде өзі де беймәлім ерекше бір күй кешеді. Халық әндерінен бөлек қазақ композиторларының әндерін де нақышына келтіре ән шырқайтын Мәкең домбырадан басқа баянда да ойнаудың шебері.
    Рухани азығымыз – халық әндері мен қазақ халық композиторларының киелі мұрасын ел арасына кеңінен насихаттап, оны келер ұрпаққа жеткізу, жас дарын иелерін анықтау, туған жерге деген сүйіспеншілігін және ән өнеріне деген қызығушылығын арттыру мақсатында 2017 жылы ән мен жыр ордасы болған киелі Айыртаудың баурайында дәурен кешкен Орынбай ақын, Ақан сері мен Үкілі Ыбырайлар туған топырақта өткен «Әнім-жырым саған – Туған жер!» атты облыстық әншілер байқауында Марат Кенжеболатов бас жүлдені жеңіп алған болатын.
    Мәкеңнің отбасына келетін болсам, 1996 жылы Сарытүбек ауылының тумасы Меруерт Тоқтағұлқызымен шаңырақ көтеріп, екеуі дүниеге бір ұл, екі қызды әкеліп тәрбиелеп өсіреді.
    Үлкен ұлы Абылай Көкшетау қаласындағы Абай Мырзахметов атындағы университетті тарих пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірсе, қызы Әнел Нұр-Сұлтан қаласындағы С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеттің 2 курс студенті, ал кенже қызы Алуа әкесі қызмет істейтін мектептің 1 сынып оқушысы.
    «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дейді халық даналығы. Осындай өнерлі отбасында тәрбие көрген Абылай мен Әнелдің де талай тамаша ән салғандарын көрген едім.
    Осылайша қазақ әндерін жанына серік еткен жезтаңдай әнші Марат Кенжеболатов көпке үлгі.
    Бағлан ҚОЖАҚОВ.
     
    27.11.2020
    0

    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Олжабаева Мендигуль Олжабайкызы

    Полезные ссылки